14.04.2023 Барлық жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға жастар мен қоғамның қызығушылығын арттыру мақсатында Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында Қазақстан ғарышының 30 жылдығына және Космонавтика күніне орай 2023 жылдың 14 сәуірінде «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттерін ғарыш саласы кәсіпорындары қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру.
Бұл шараға АЭжБУ-мен қатар С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.
Біздің студенттердің әңгімелері бойынша кәсіпорындардың презентациялары студенттерге өздерін аэроғарыш саласының мамандары ретінде іске асыру мүмкіндігі туралы көрнекі үлгі болды. Білім алушылар үшін ұйым өкілдерімен тікелей өзара байланыс жасау, оларға өз сұрақтарын қою, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ghalam» ЖШС зертханалық және сынақ базалары бойынша экскурсияға қатысу мүмкіндігін ерекше атап өткім келеді.
Ғарыш саласының кәсіпорындары ұсынған презентациялар біздің студенттерге кәсіби өсу мен өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолда бар әлеуетті айқын көрсетті. Осыдан кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ және «Ghalam» ЖШС зертханалық және сынақ базалары бойынша экскурсия осы кәсіпорындардың қызметкерлерімен жеке сөйлесуге және аэроғарыш саласының болашағын тікелей көруге мүмкіндік берді.