Алматы энергетика және байланыс университеті алғашқы түлектерінің 40 жылдығын атап өтті

Алматы энергетика және байланыс университеті алғашқы түлектерінің 40 жылдығын атап өтті

22.05.2023 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде байланысшы мамандығы бойынша білім алған алғашқы түлектердің 40 жылдығына орай салтанатты іс-шара болып өтті.

Осы жылдан бастап университет цифрландыру, автоматтандыру, телекоммуникация және «жасыл» энергетиканы тұрақты дамыту саласындағы қазіргі заман ағымына сай трендтерді есепке ала отырып, әр түрлі мамандықтар бойынша білім беру спектрін кеңейтпекші.

Түлектер кездесуі - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде ежелден қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі.  Бірақ бұл жолғы кездесу өте ерекше болды. Осыдан тура 40 жыл бұрын университет алғашқы байланысшыларды дайындап шығарған болатын. Сол себепті, бұл жылы алғашқы түлектерге ерекше назар аударылды. Осы орайда, олардың осы саланың Қазақстанда құрылуы мен өркендеуінің негізін қалаушылар болғандарын ерекше атап өту қажет.

Түлектер кездесуінде ЖОО басшылығы университет қызметінің жаңа бағытымен таныстырды. Бұл Energo University деген атаумен танылатын жаңа бренд. Осылайша жоғары оқу орны өзінің цифрландыру және «жасыл» энергетика секілді әлемдік заманауи трендтер жолын ұстанушылар қатарында екенін дәлелдейді.

Біздің түлектер экономиканың барлық салаларында, соның ішінде телекоммуникациялық бағыттарда қызмет атқаруда. Kcell компаниясы 5G сауда маркасымен байланысшы мамандығы бойынша білім алған алғашқы түлектерге арналған мерейтойлы ісшарада ЖОО-на қолдау көрсетті.