Energy University-де сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

Energy University-де сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ


01.07.2023 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың ақпанында еліміздің Президенті Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың негізгі бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептерді жоюға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді түрде жүргізілуі тиіс, бұл оның өзектілігі. Energo University бұл мәселені аттап өткен жоқ. Бұған дейін алдыңғы қабылдау компанияларында ЖОО-ға түсу үшін ақшалай өтемақы түріндегі жасалған ұсыныс жағдайлары анықталған болатын. Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық сияқты ұғымдары жат болып табылатын ұрпақты тәрбиелеу – қазақстандық қоғамның, атап айтқанда, біздің университет ұжымының басты міндеті. Біз сізді де дұрыс емес мінез-құлықты қолдамауға және оған қарсы тұруға шақырамыз. Ережелер мен заңнаманы айналып өтіп, университетке түсу туралы келіп түскен ұсыныстың барлық жағдайлары туралы төмендегі телефон нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы: 1424

Energo University қабылдау комиссиясы:

+7 (727) 323 11 75

+7 (707) 600 64 93

ENERGO UNIVERSITY