08.12.2023 Барлық жаңалықтар
Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты іс-тәжірибе мамандарының студенттердің қазіргі буынымен кездесу дәстүрін жалғастыруда.
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының студенттері мен іс-тәжірибе мамандары арасындағы диалог «Киберқауіпсіздік әлеміндегі Навигация: кәсіби мамандарды тәрбиелеудің құпиялары» атты дөңгелек үстелдің аясында болып өтті. Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының құрылымына кіретін Киберқауіпсіздік кафедрасы кездесудің ұйымдастырушысы болды.
Freedom Pay компаниясының ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Свешников Максим, Freedom Pay компаниясының HR бизнес-серіктесі Сороковикова Александра, (КТТО) кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының сарапшысы Нурекен Елдос және Open BLD.net компаниясының жүйелік сәулетшісі Гончаров Евгений болашақ киберқауіпсіздік бойынша мамандармен өз тәжірибелері және кеңестерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелге Energo University атынан түлектермен жұмыс жөніндегі бөлім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті және IT-инженерия (Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының құрылымына кіреді) кафедрасы қатысты.
Іс-тәжірибе мамандарының таңдап шақырылуы кездейсоқ емес. Мысалға, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының қызметі ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тергеу, енуге тестілеу (пентест), ақпараттық жүйелердің аудиті, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу және т.б. салаларды қамтиды. Freedom Pay - бұл онлайн-бизнес шешімдеріне мамандандырылған халықаралық компания. Халықаралық қамту, терең сараптама және тексерілген процестер Freedom Pay-ге белгілі бір компанияның бизнесін ескере отырып, бірегей шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Евгений Гончаров – ақпараттандыру бойынша танымал жаттықтырушы, ақпараттық қауіпсіздік туралы кітаптар мен мақалалардың авторы.
Шақырылған сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи трендтер жайлы, сондай-ақ, осы қызмет саласында білікті және сұранысқа ие маман болу үшін қандай теориялық білім мен іс-тәжірибе қажет екені туралы айтып берді.
- Студенттердің іс-тәжірибе мамандарымен кездесулері біздің Университет жұмысының маңызды бағыты болып табылады, - деп Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Саренова Айгуль атап өтті. – Бұл кездесулер біздің студенттерге таңдалған мамандықтың маңыздылығын іс-тәжірибе тұрғысынан түсінуге көмектеседі. Мұндай диалогтар қазір Energо University-де білім алатындар үшін іс-тәжірибе сарапшыларына өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарын қоюға тамаша мүмкіндік береді.
Шақыртылған мамандарға арнайы дөңгелек үстел аяқталған соң National Instruments, Siemens, Schneider Electric, Huawei Siemens, Apple, Honeywell, Cisco, Kaspersky, Tornado, Edu Automation компанияларымен бірге құрастырылған Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының оқу зертханаларына экскурсия өткізілген болатын.