Energo University-де Орталық Азиядағы жалғыз Siemens релелік қорғау және автоматтандыру білім беру орталығы ашылды

Energo University-де Орталық Азиядағы жалғыз Siemens релелік қорғау және автоматтандыру білім беру орталығы ашылды

22.12.2023 Барлық жаңалықтар


21-желтоқсанда Energo University-Алматы энергетика және байланыс университетінде электр энергетикасында релелік қорғау, автоматтандыру және цифрландыру бойынша семинарлар, тренингтер, зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған «Siemens Оқу орталығы» салтанатты түрде ашылды.

Орталық өзінің толықтығы мен мақсаты бойынша Орталық Азиядағы осындай жалғыз оқу алаңы болып табылады.

- Мұнда РҚА және ТПБ АЖ саласындағы жұмыс істеп жүрген мамандар, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер жетекші қазақстандық компаниялардағы энергетика нысандарында қолданылатын релелік қорғау мен автоматиканың ең заманауи және озық жабдықтарымен өзара іс-қимылдың іс-тәжірибелік дағдыларын пысықтауға, сондай-ақ сандық жүйеге көшіру саласында терең білім алуға мүмкіндік алады, - деп атап өтті «Сименс» ЖШС Қазақстандағы Бас директоры Асанов Диас.

Оқу орталығы жабдықталған:

- 86 дюймдік сенсорлық интерактивті панель,

- алдын ала мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен (DIGSI, Device Manager, Test Universe және т. б.) жергілікті желіге біріктіріліп орнатылған 10 дербес компьютер (моноблоктар),

- кернеудің барлық кластарын қорғаудың барлық қолданыстағы түрлерін (ӘЖ және КЖ қорғау, трансформатор, генератор, фидер, электр қозғалтқышы, құрама шиналар және т. б.) жабатын SIPROTEC 5 РЗА құрылғылары бар оқу тіректерімен,

- SICAM a8000 қосалқы станциясын қосуға және автоматтандыруға арналған контроллері бар тіректер,

- қорғаныс және автоматика функцияларын тексеруге арналған OMICRON CMC 256 қондырғылары.

Құрылғылармен тіректерді құрылғылар арасында ақпарат алмасу үшін байланыс желілеріне біріктіруге болады, сонымен қатар станция шинасы мен үдеріс шинасын (сандық қосалқы станция) модельдеуге болады.

Energo University базасындағы «SIEMENS Оқу орталығында» тәжірибелік сабақтар 2024 жылдың қаңтар айының екінші жартысында басталады.