Energo University-дің оқытушылары «ЖОО-ның 2023 жылғы үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

Energo University-дің оқытушылары «ЖОО-ның 2023 жылғы үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

28.12.2023 Барлық жаңалықтар


28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «ЖОО-ның 2023 жылғы үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Олардың арасында Energo University-дің екі оқытушысы бар:

Николай Георгиевич Приходько, профессор, х. ғ. д., энергетика және жасыл технологиялар институтының инженериядағы экология және менеджмент кафедрасының оқытушысы;

Ольга Александровна Усатова, PhD, қауымдастырылған профессор, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының киберқауіпсіздік кафедрасының оқытушысы.

Республикалық конкурстық комиссия еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 768 үміткер арасында мұқият іріктеу жүргізді. 43 қазақстандық ЖОО-дан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК мөлшерінде сыйлықақы, сондай-ақ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» төсбелгісін алады.

Николай Георгиевич пен Ольга Александровнаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз, оқытушылық және ғылыми қызметінде табыс тілейміз!