12.01.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University-де (Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) студенттік демалыс кезеңінде профессор-оқытушылар құрамы үшін «Қысқы мектеп-2024» өткізіледі. Екі апта ішінде бірқатар тренингтер барысында 200 оқытушы кәсіби және жеке өсу үшін қажетті білімдерін жетілдіреді.
- Қысқы мектеп профессор-оқытушылар құрамының кәсіби білімін арттыруға және құзыреттерін дамытуға, ұжымды біріктіруге бағытталған, - деп атап өтті Energo University-дің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Айгуль Саренова.
Білім беру, психология, менеджмент, цифрлық сауаттылық салаларында маманданған Қысқы мектеп спикерлері тыңдаушылармен өздерінің әдістемелерімен және лайфхактарымен бөліседі.
Тренингтер тақырыбы оқытушы жұмысының әртүрлі аспектілерін қозғайды: Академиялық саясат білім алушылардың академиялық еркіндігі мен дербестігіне баса назар аудара отырып; Project based learning; Constructivism: practical aspects; Таныстырылым дағдылары; Жарияланымдық белсенділік; Университеттің даму стратегиясына бағдарлана отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Сондай-ақ, Мектеп тыңдаушылары «Ағылшын тілін қалай үйренуге болады» және «Сәтті жарияланым дайындау үшін Scopus-ты қалай пайдалануға болады» шеберлік кластарына қатыса алды. Сонымен қатар, Қысқы мектептің соңында оқытушыларға Microsoft компаниясының өкілдерінен цифрлық жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша тренингке қатысуға мүмкіндік беріледі.