Energo University-де «5g-ге дейін жаңғырту: фактілер мен қауесеттер» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Energo University-де «5g-ге дейін жаңғырту: фактілер мен қауесеттер» тақырыбында қонақ дәрісі өтті


14.02.2024 Барлық жаңалықтар


12 ақпанда Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) "Alumni club Energo" қозғалысын дамыту аясында өткен жылдардағы түлек, "Uni Grand Engineering" ЖШС инженер-жобалаушысы Шыңғыс Нұрболатовтың біздің ЖОО-ның студенттерімен кездесуі өтті.

- 5G-технология бүкіл әлем бойынша төлемдерді жүзеге асырудан және төтенше жағдайларға ден қоюдан бастап қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға дейін біздің бүгінгі өміріміздің әртүрлі салаларын қамтиды, - деп атап өтті Шыңғыс Нұрболатов.- Бұл технология жұмыс әлемін, жаһандық экономиканы және адам өмірін өзгерту үшін зор әлеуетке ие.

Дәріс интерактивті форматта өтті. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ал спикер оларға жан-жақты және қызықты жауап берді.

Кездесуге жиналғандар көп нәрсеге қызығушылық танытты:

Қазақстанда 5G технологиясы қандай жиілікте жұмыс істейді? Жаңа технологияның артықшылығы неде? Бізде және шетелде электромагниттік сәулеленудің нормасы қандай? 5G желісін жаңарту кезінде MIMO антенналарының қандай түрлері қолданылады және олардың артықшылықтары қандай? Үй ішінде ұялы байланыс сигналын қалай күшейтуге болады? Желіде қандай өндірушілердің жабдықтары жиі қолданылады? 5G желісінің құрылысы қалай ерекшеленеді? Неліктен ұялы байланыс қазір кейбір аумақтарда нашар жұмыс істейді? 5G енгізу қарапайым пайдаланушыға қалай көмектеседі? Және көптеген басқа да сұрақтар.

Интерактивті дәріске студенттер де, оқытушылар да белсенді қатысты. Кездесу өте тиімді және нәтижелі өтті. Соңында тыңдаушылар мен ұйымдастырушылар алған жаңа білімдері үшін лекторға алғыстарын білдірді.

ENERGO UNIVERSITY