Eрте жүктіліктің алдын алу

Eрте жүктіліктің алдын алу


19.02.2024 Барлық жаңалықтар


16 ақпанда Energo University-дің Акт залында Психология апталығы аясында Психологиялық қызмет ұйымдастырған «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Спикер ретінде шақырылған «АСМЕД-2» МО-ның акушер-гинекологы А.К. Мендыбаева бірінші курс студенттеріне контрацепцияның негізгі әдістері, ЖЖБ инфекцияларының аурулары, екі жыныстық серіктестің өзара жауапкершілігі, түсік жасатудың қыздардың денсаулығына әсері, сондай-ақ қамқорлық пен өзін-өзі сүю туралы айтып берді. Өзекті тақырып студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды. Сөз соңында дәрігер жас жеткіншектердің барлық сұрақтарына жауап берді.

ENERGO UNIVERSITY