Energo University-де Ulttyq sezim флешмобы өтті

Energo University-де Ulttyq sezim флешмобы өтті


01.03.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері Ulttyq sezim ұлттық флэшмобына қолдау көрсетті.

-Ulttyq sezim іс-шарасының мақсаты — ұлттық киімді ата - бабаларымыздың мәдени байлығы, дәстүрлері мен тарихы арқылы дәріптеп, оны күнделікті киімге айналдыру, - деді Физика және электротехника кафедрасының қызметкерлері - университетте флешмобтың ұйымдастырушылары. - Біздің бастамамызға көптеген адамдар жауап бергені өте жақсы!

Флэшмоб барысында Ұлттық киім киген студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер ән айтып, би билеп, ұлттық аспаптарда күйлерды ойнады. Қатысушылар ата-бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін еске алып, қызықты тарихи сәттерді айтты. Үзіліс кезінде қазақтың халық әндері мен әуендері шырқалды.

Анықтама:

Ulttyq sezim – ұлттық костюмнің салтанатына арналған флешмоб. Бұл бастама мәдени байлық пен дәстүрге баса назар аудара отырып, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.

ENERGO UNIVERSITY