05.03.2024 Барлық жаңалықтар
1 наурыз күні Energo University қабырғасында Алғыс айту күніне орай "Баршаға және барлығына арналған- әділ Қазақстан. Қазір және мәңгі".
Іс-шараға Energy University студенттік клубтарының мүшелерінен басқа қоғамның түрлі салаларының өкілдері қатысты.Олардың арасында: Алматы қаласы мәслихатының депутаты – Мундаханова Назерке, Алматы қаласының "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы- Кенесов Акежан, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Кайрыев Рустам, ҚПК АГ төрағаның бірінші орынбасары Кусаинов Бейбут, ҚПК АГ төарағасының орынбасары - (Қазақстан Халықтық партиясының Алматы қалалық филиалы) Султангалиев Тамерлан, Алматы қаласы Жетісу ауданының Комьюнити орталығының басшысы- Кулымбетов Ондасын, «Кақ Эко Патруль» АҚҰ директоры Нұрпейісов Әділ, Нархоз университетінің шетелдік студенттермен және оқытушылармен жұмыс бөлімінің бастығы Искакова Айман, Логистика және көлік академиясының Студенттік үкіметінің өкілдері – Әншібек Бақдәулет, Темірхан Әсел, сондай-ақ білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
- Алғыс айту күні бізге Қазақстан халқының қонақжайлылығы мен жылулығын еске салады. Қиын кезеңдерде Қазақстан миллиондаған қоныс аударушыларды қабылдады және бұл ерекше құнды, - деп Energo University Жастар саясаты департаментінің директоры Каби Еликбай атап өтті. - Бұл мерекенің дәстүрлері біздің қоғамда енді ғана қалыптаса бастады, бірақ қазір оның мақсатты аудиториясы-жастар екенін көріп отырмыз. Мереке толеранттылықты қалыптастыруға, әртүрлілікті құрметтеуге және Қазақстан халқы мен мемлекетіне алғысын мойындауға бағытталған тәрбие процесінің бір бөлігі болып табылады. Біз бірге өзара түсіністік, құрмет пен ризашылыққа негізделген болашақты құрамыз.