03.04.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінің тұрғындары үшін білім беру гранттарын бөледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда су тасқынының себебінен күрделі жағдай орнады. Ақтөбе, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Павлодарда, Ұлытау және Абай облыстарында халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Отандастарымыз үшін осындай қиын сәтте Energо University зардап шеккен ауыл тұрғындарына қол ұшын созып, энергетикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша бір білім беру гранттарын бөлуді жөн санайды. Үміткерлер үшін негізгі талап ҰБТ бойынша 60 баллдан жоғары көрсеткіштерге ие болу.
Толық ақпаратты Energo University-дің қабылдау комиссиясынан телефон арқылы алуға болады +77273231175 , +77076006493