Energo University студенттері мен қызметкерлері Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауды жалғастыруда

Energo University студенттері мен қызметкерлері Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауды жалғастыруда


08.04.2024 Барлық жаңалықтар


Университеттің әкімшілігі мен студенттік қайырымдылық клубы күшімен Energo University-де үйлерін су басу салдарынан көшуге мәжбүр болған отандастарымызға гуманитарлық көмек жинау орны ұйымдастырылды.

Көмек пунктіне бей-жай емес студенттер мен қызметкерлер апта бойы бірінші кезекте қажетті заттарды: төсек-орынды, жеке гигиена заттарын, азық-түліктерді, киімдерді, дәрі-дәрмектерді, балалар тамағын подгузниктер, және тіпті ойыншықтарды әкеліп берді.

Energo University алғашқы жиналған гуманитарлық көмек партиясын қалалық волонтерлік пунктіне ары қарай жіберу үшін тапсырды. Университетте көмек жинау жалғасуда.

Сонымен қатар, Energo University су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың ауыл тұрғындарына арналған білім гранттарын (энергетика мамандығы, ББТ В062) әрбір облысқа біреуін бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан мына телефон нөмірлері бойынша алуға болады:

+77273231175

+77076006493

Energo University ректоры Мурат Сыздыков:

- Біз - қызметкерлер мен студенттер - еліміздің президентінің айтқанындай, Қазақстан үшін осы қиын сәтте бірлік пен ынтымақтастықтың қашанда маңызды екендігін түсінеміз. Біз жағдай тұрақталғанша отандастарымызға мүмкіндігімізше көмектесеміз.

ENERGO UNIVERSITY