22.04.2024 Барлық жаңалықтар
2024 жылы 17 сәуірде тілдер кафедрасының оқытушылары қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінен пәндік олимпиада өткізді.
Қазақ тілінен өткізілген олимпиада «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» деген тақырыппен Сәкен Сейфуллинның 130 жылдық мерейтойына арналды. Олимпиаданың алдына қойған мақсаты жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу еді.
Пәндік олимпиаданың жұмысы екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде студенттердің жазбаша сауаттылығын тексеру мақсатында А1 деңгейіне «LearningApps.org бойынша диктант», А2 деңгейі бойынша «Менің мамандығым» тақырыбында әңгіме құрастырып жазу, В1, В2, С1 деңгейлері үшін «ЖС.Сейфуллин – ХХІ ғасырда» тақырыбында эссе (120-150сөз) жазу жұмыстары орындалды. Қорытынды кезеңде Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қатысып, қорытынды бөлімінде ақын өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға өз жауаптарын беріп, жүзден жүйрік шығуға тырысты.
Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша І-орынды ЭЭ-23 тобының студенті Ермекова Бота, ІІ-орынды АУ-23 тобының студенті Жумахан Мансур, ІІІ-орынды ЭЭ-23 тобының студенті Сабитұлы Алишер иеленді. Сондай-ақ, студенттер қатарынан «Туған тілім, тірлігімнің айғағы», «Жүзден жүйрік», «Көрермен көзайымы», «Ең сауатты студент» сияқты атаулы алғыс хаттармен марапатталғандар да болды.
Орыс тілінен олимпиада А.С. Пушкиннің 225 жылдығына арналды. Оған интерактивті диктант форматында іріктеу кезеңінен өткен бірінші курс студенттері қатысты.
Олимпиаданың бірінші кезеңі интерактивті ойындардан тұрды: «Орфограф» (емле), «Барабаншы» (сөздегі екпін), «Тілді шеш» (тіл бұрылыстары), «Цирлих Манирлих» (қанатты өрнектер) және «Фемистокл» (ономастика). Екінші кезең барысында студенттер орыс грамматикасын білуде ғана емес, Александр Пушкин мен Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен байланысты салаларда да жарысты.
Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша үздіктер тізімі жарияланды: 1 орын – Зейнел Мағжан (АУБПк-23), 2 орын – Совет Аружан (ТКИк-23), 3 орын – Актурин Әсет (ТЭк-23). Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Ағылшын және неміс тілдерінен өткізілген олимпиаданың бірінші туры күзде университет студенттері арасында жаппай өткізілген болатын Бұл іріктеу кезеңі болды. Студенттер онлайн режимінде сөздік және грамматикалық тест тапсырды. 50% жинаған студенттер екінші турға өтті. 1. Тыңдалым 2. Айтылым.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі ағылшын және неміс тілдерінің танымал болуына ықпал етті. Олимпиаданың бұқаралық сипатқа ие болуын, көрермендердің қызығушылығын ескеріп, үш жүлдені бөлу ұсынылды.
Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысына сәйкес ағылшын тілі бойынша жүлделі орындарды келесі студенттер иеленді:
Ағылшын тілі бойынша:
I орын – АУ-23 тобының студенті Дмитрий Пак
ІІ орын – ЭАЭМ-23 тобының студенті Тимур Серажиев
ІІІ орын – СИБ-23 тобының студенті Ихсан Акан
Неміс тілі бойынша
І орын – СИ-22-4 тобының студенті Уалиев Азамат
ІІ орын – СИ-22-4 тобының студенті Бибанова Аружан
ІІІ орын – СИ -22-1 тобының студенті Қаржаубай Райымбек