11.04.2020 Барлық жаңалықтар
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Онлайн оқыту қай кезеңге дейін созылады?
Семестр соңына дейін.
2.Интернеттен тапсырмаларды орындау үшін жүктелген бағдарламалар ашылмай жатыр.
Оқытушыларыңызбен сөйлесіңіздер, олар қалай істеу керектігін түсіндіреді. Ең көп таралған себеп жұмысты Компьютер пайдаланушысы ретінде емес, Әкімшілік атынан орнату қажет. Ол үшін «Басқару панелі\басқару панелінің барлық элементтері\қолданушының есептік жазбасы» кіру керек.
4.Сессия мен аралық бақылауларды карантиннен кейін университетте тапсыруды ұсынамыз.
Бұл тамаша нұсқа болар еді, бірақ келесі апта – аралық, ал карантин болса әлі тоқтатылмады. Сессия бойынша да біз жағдайдың кез келген өзгерісіне дайын болуымыз керек, сондықтан сессияны қашықтықтан тапсыруға дайындалу қажет, оқытушылар қазірдің өзінде тест сұрақтарын дайындауда.
5. АБ жайлы. Бізге аралық бақылау жауап нұсқасы бар тест түрінде өтеді деп айтты. Тілдер, философия және экономика сияқты гуманитарлық пәндер үшін тест орынды болады. Ал математика, физика, сияқты пәндерде АБ-ны тест түрінде өткізу ыңғайсыз! Егер біз есептерді шешпей, тек белгілеу (нұсқаны таңдау) арқылы жауап берсек, ол пәндер бойынша қалай бағалайтын болады?
Сондай-ақ: кем дегенде 25 сұрақ, әрі сұрақтардың бір бөлігі жауап нұсқалары берілген қарапайым есептер түрінде болады, онда сіз тапсырманы ойша шешуге және ұсынылған жауаптардың бір дұрыс жауабын таңдауға тиіс боласыз.
6. Аралық бақылауда 25 сұрақ болады, ал оған тек 25 минут беріледі. Берілген уақытты ұзартуға болады ма?
1 сұраққа қанша минут берілетінін оқытушының өзі шешеді, 1 сұраққа 1 минут – бұл қажетті минимум. Егер оқытушы күрделі тапсырмалар енгізсе, онда ол тест тапсыруға көп уақыт белгілей алады, бірақ жалпы 25 сұраққа 50 минуттан аспауы керек.
10.Тұлғаны тексеру қандай жолмен іске асырылады?
Қазір біз дайын прокторинг жүйесін сатып алу мәселесін қарастырудамыз. Алайда, верификация тек прокторинг жүйелерімен ғана емес, басқа технологияларды пайдаланумен де жүзеге асырылуы мүмкін. Егжей-тегжейлі шамамен бір аптада хабарлаймыз. АЭжБУ ресми сайтында жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.
19. Бір ағымда 120-125 студент, ал Zoom конфернциясының лимиті- 100 адам. Яғни қалған 20-25 студент сабаққа қатыса амай қалады, нәтижеінде НБ алады.
Сіздердің ағымды екі топқа бөлді. Егер сіз әлі күнге дейін білмесеңіз, Оқытушыдан қай ағымда екендігіңізді анықтаңыз.
20. Zoom кіруге көп мегабайттар кетеді
2 сәуірден бастап Zoom трафигі операторлардың көпшілігімен тегін және сіздің мегабайттарыңызды жұмсауға әсер етпейді. Бірақ оқыту ресурстары жоқ Ойындар, әлеуметтік желілер, бейнероликтер бұрыңғыша ондаған мегабайттар алады!
28.Егер оқытушы біздің жазған қызметтік жазбаларымызды сабақты босатуға себеп ретінде қарамаса, біз белсенділерді сабақтан босату туралы қызметтік жазбаларды не үшін жазамыз? Біз мұндай жағдайларда барлық университет үшн жұмыс істейміз емес пе? Ал бізге қайта тапсыруға және қорғауға мүмкіндік бермейді! Оқытушылар қызметтік жазбаларды ескермей қойғанымен қоймай, кейде олардың тіпті оқымайды да.
Мұндай жағдайлар туралы ЖСД директоры Зарема Альфредовна Абдуллинаға немесе егер ол демалыста немесе университеттен тыс болса тікелей АҚ проректоры Сергей Владимирович Коньшин дереу хабарлауды сұраймыз, олар шаралар қабылдайды.