Energo University жанында кадрлық проблемаларды шешу үшін Энергетика және АКТ бойынша индустриялық кеңестер құрылады

Energo University жанында кадрлық проблемаларды шешу үшін Энергетика және АКТ бойынша индустриялық кеңестер құрылады


25.06.2024 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (Energo University) бірден екі – энергетика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) индустриялық кеңесі құрылады. Екеуі де білікті мамандарды даярлау кезінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін бизнес, өндіріс және ЖОО арасындағы диалог алаңы болуға арналған.

АКТ бойынша индустриялық кеңестің алғашқы ұйымдастыру отырысы бүгін 25 маусымда өтті. Оған бизнес-компаниялар, IT, телекоммуникация, ақпараттық қауіпсіздік және цифрландыру саласындағы қоғамдық ұйымдар шақырылады. Шілде айында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен Энергетика жөніндегі индустриялық кеңестің бірінші отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Energo University жанындағы Индустриялық кеңестер университетте іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы бойынша ұсынымдар жасау, қос тарапты оқуды әзірлеуде сараптамалық және техникалық көмек алу, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлау, сондай-ақ бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында ЖОО-ның жаңа басшылығының бастамасы бойынша құрылады.

- Мұндай диалог алаңы университетке белгілі бір саладағы ең соңғы үрдістер, маңызды технологиялық өзгерістер, түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін қажетті дағдылар туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ компаниялардың демеушілік көмегіне және олар үшін мамандарды мақсатты даярлауға нақты кәсіпорындармен келісімдер жасасуға, сондай - ақ бизнес үшін ғылыми-тәжірибелік міндеттерді шешуге сенеміз, - деп атап өтті Energo University ректоры Ғани Нығыметов.

Құрылған АКТ жөніндегі индустриялық кеңестің қатысушысы, танымал қазақстандық Documentolog IT-компаниясының негізін салушы және бас директоры Байжан Канафин кездесуде Energo University базасында өз компаниясының R&D орталығын ашу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ұсынды. Осылайша, Documentolog индустриалды кеңестің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыруға көшкен алғашқы компания болды.

Сонымен қатар, отырыста АКТ бойынша индустриялық кеңестің төрағасы сайланды. Ол Асқар Марат болды. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. Ол Қазақтелеком АҚ IT жөніндегі атқарушы директоры, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының ақпараттық технологиялар мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Қазақстандық АТ-менеджерлер қауымдастығы» ҚҰ басшылығының өкілі болып табылады.

ENERGO UNIVERSITY