Energo University студенттері Huawei компаниясының «Seeds for the future 2024» бағдарламасының Ұлттық финалына қатысты

Energo University студенттері Huawei компаниясының «Seeds for the future 2024» бағдарламасының Ұлттық финалына қатысты


02.08.2024 Барлық жаңалықтар


Шілде айында Қазақстанда Huawei компаниясының «Seeds for the future 2024» Ұлттық бағдарламасының финалы өтті. Бағдарлама жаһандық инновациялар мен цифрлық технологияларға қызығушылық танытатын Huawei АКT академияларының студенттеріне арналған.

 

Іс-шараға Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты және байланыс және ғарыштық инженерия институтының студенттері Аманжан Сабырғали, Тимур Юн және Руслан Караваев қатысты. Студенттерді Energo University Huawei Академиясының сертификатталған тренерлері, практик-профессор Татьяна Викторовна Голубева және аға оқытушы Виктор Александрович Тайлаков дайындады.

 

Бағдарламаға қатысу студенттерге ақпараттық-коммуникациялық саладағы үрдістермен танысуға, сондай-ақ 4G және 5G технологияларының, жасанды интеллект және киберқауіпсіздіктің ерекшеліктерін жақсырақ білуге мүмкіндікті береді.

 

Ұлттық финалдың іріктеу нәтижелері бойынша Аманжан Сабырғали мен Тимур Юн «Seeds for the future 2024» бағдарламасының халықаралық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

 

– Біздің университетте Қазақстандағы ең үздік Huawei АКT Академияларының бірі негізінде оқушыларды жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындауға мүмкіндік бар, - деп атап өтті Татьяна Голубева, - бұл оларға өздерінің болашақ мансабын құру кезінде, оның ішінде Huawei сияқты IT-алпауыт компанияда кең мүмкіндіктерді береді.

 

ENERGO UNIVERSITY