Біздің достық ұжымымыз cені-бірінші курс студенті, қуана қарсы алады!

Біздің достық ұжымымыз cені-бірінші курс студенті, қуана қарсы алады!


23.08.2024 Барлық жаңалықтар


Алдағы оқу жылында сені көптеген қызықтар күтуде: жаңа білімдер, таныстар, тек оқу барысында ғана емес, сонымен қатар шығармашылық және спортта өзіңді көрсетудің мүмкіндіктері. Өйткені, Energo University-дегі студенттік өмір әрқашан өте қанық және қызықты!

Студенттермен жұмыс жөніндегі департаменті - Сенің Energo студентінің осы жарқын әлеміне жол көрсетушісі болады. Біздің қызметкерлер сенің таланттарыңды ашуға және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге көмектесуге дайын, мысалы: жатақханаға қоныстану, студенттік клубтарға кіру немесе кәсіби психологтарымыздан психологиялық көмек пен қолдау алу сияқты мәселелер.

Бізді келесі мекенжайлардан таба аласың:

А ғимараты, 226, 237 кабинеттері – жалпы ұйымдастыру мәселелері бойынша

А ғимараты, 120А кабинеті – жатақхана мәселелері бойынша, жатақханаға қоныстану бойынша ахуалдық орталығының телефоны: +7 707 649 74 06 (whatsapp), e-mail: al.kalila@aues.kz

А ғимараты, 315 кабинеті – Студенттер кәсіподағы комитеті, e-mail: a.nabi@aues.kz

А ғимараты, 239 кабинеті – Onay жеңілдік карталары бойынша сұрақтар, e-mail: onay@aues.kz

Б ғимараты, 232 кабинеті – психологиялық көмек алу мәселелері бойынша, телефон: +7 (727) 323 11 75 (ішкі нөмір: 6921), e-mail: psyconsult@aues.kz

 

Energo University-ге қош келдің, студент!

ENERGO UNIVERSITY