Energo University студенттері ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады

Energo University студенттері ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады


12.09.2024 Барлық жаңалықтар


11 қыркүйекте Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) үшінші курс студенттері «Ғарыштық техника және технология» және «Ғарыштық инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Союз МС-26» ғарыш кемесінің халықаралық экипажымен ұшырылуын тамашалады.

Energo University студенттерінің Байқоңырға сапарға баруы дәстүрге айналды. Жыл сайын университет Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтында білім алатын студенттерді  өз болашақ мамандықтарының рухын сезіну үшін ғарыш айлағына жібереді.

Бұл жолы 11 студент әйгілі ұшыру алаңдарында (№42, 45 «Зенит М»), құрастыру-сынақ корпусында, Королев атындағы музейде болып, инженерлермен әңгімелесті онымен қоса әрине, өмір бойы естерінде қалатын ғарыш кемесінің ұшырылуына куә болды.

ENERGO UNIVERSITY