Energo University студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды

Energo University студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды


13.09.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің 10 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияның жоғары оқу орындарына оқуға аттанды.

Польшаға, Lublin University of Technology-ге жарты жылға бірден бес студентіміз кетті:

Адам Ескерханов («Автоматтандыру және басқару» ББ)

Анатолий Ваховский («Электр энергетикасы» ББ)

Аяла Сапарғали («Автоматтандыру және басқару» ББ)

Аружан Лесхан («Автоматтандыру және басқару» ББ)

Сергей Шин («Электр энергетикасы» ББ).

 

Түркияның Kadir Has University-ге келесі жылдың қаңтар айының соңына дейін оқуға кетті:

Дидар Омархан («Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» ББ)

Әлнұр Зинелғабиден («Энергоаудит және энергоменеджмент» ББ)

Еркебулан Сапар («Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» ББ).

 

Германияның Anhalt университетіне 2025 жылдың сәуір айына дейін Аружан Бибанова ( «Жүйелік инженерия» ББ) кетіп барады.

Жапонияға National Institute of Technology, Sendai College-ге келесі жылдың ақпанына дейін Расул Ким («Электр энергетикасы» ББ) барады.

Студенттерімізді олардың оқу өміріндегі жаңа қызықты кезеңмен құттықтаймыз және қызықты білім алуды тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY