Energo University магистранттары Saint-Gobain халықаралық өнеркәсіп компаниясының зауытының жұмысымен танысып қайтты

Energo University магистранттары Saint-Gobain халықаралық өнеркәсіп компаниясының зауытының жұмысымен танысып қайтты


16.09.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University магистранттары Saint-Gobain халықаралық өнеркәсіп компаниясының Ресейдің Челябі қаласында орналасқан зауытына сапармен барып, зауыт жұмысымен танысып қайтты.

Мамыр айында Energo University-дің «Жылу энергетика» кафедрасы мен Энергетика және жасыл технологиялар институтының магистранттары Supros компаниясымен серіктестік аясында, Жылу оқшаулаудың декарбонизациядағы маңыздылығы тақырыбы бойынша ең үздік ғылыми мақала дайындау конкурсына қатысты.

Гаухар Темирова, Мұхамед Қуан және Алишер Телтай үздік нәтижелерді көрсетіп, Челябі қаласындағы Saint-Gobain халықаралық өнеркәсіп компаниясының жылу оқшаулау материалдарын өндіретін зауытына сапармен марапатталды.

Студенттер өндіріс процесімен танысып, материалдарды сынақтан өткізуге белсене қатысты. Сапар барысында олар өндірістегі инновациялар мен экологиялық стандарттар туралы тереңірек білім алып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына маңызды тәжірибе жинады. Бұл сапар олардың кәсіби өсуіне жаңа серпін беріп, болашақтағы табысты жобаларына негіз болары сөзсіз.

ENERGO UNIVERSITY