«Student Energy Challenge»: Energo University магистранттары жасыл энергетика саласындағы стартап-жобаны ұсынды

«Student Energy Challenge»: Energo University магистранттары жасыл энергетика саласындағы стартап-жобаны ұсынды


01.10.2024 Барлық жаңалықтар


25-26 қыркүйек күндері «Student Energy Challenge» интеллектуалдық командалық байқауының сегізінші маусымының финалы өтті, оған біздің университеттің магистранттары қатысты.

Байқауды «Шелл Қазақстан» серіктес компаниясының қолдауымен   «KAZENERGY» Қауымдастығы ұйымдастырды. Финалда жасыл энергетика саласындағы жобаларымен Қазақстанның 12 жоғары оқу орнынан келген 14 команда қазылар алқасының алдында өнер көрсетті.

Energo University-дің «R&D EnergyTech Solutions» командасының, құрамындағы «Энергетика және электротехника» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураның бірінші курс магистранттары Рахат Шаривхаан мен Ілияс Жұмағали байқауға белсенді қатысып, өздерінің «Жасыл энергетика және экология» тақырыбындағы стартап-жобасын таныстырды. Жоба күн панельдерін электр көліктеріне интеграциялауды және олардың жүріс қорының артуын көздейді. Жеңіске азғана жетпесе де, студенттер өздері мойындағандай, финалға қатысудың өзі оларға көп тәжірибені берді және жобаларын одан әрі дамытуға ынталандырды.

ENERGO UNIVERSITY