Energo University-де Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералды университетімен ынтымақтастық жайлы талқыланды

Energo University-де Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералды университетімен ынтымақтастық жайлы талқыланды


02.10.2024 Барлық жаңалықтар


1 қазанда энергетика, IT, автоматтандыру және басқару саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында Energo University-ге Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералды Университетінің делегациясы келді.

Кездесу барысында тараптар: оқытушылар мен жас ғалымдардың тәжірибе алмасу мақсатында тағылымдамадан өтуінен бастап, жасанды интеллект бойынша бірлескен магистрлік желілік бағдарламаны әзірлеуге және «Бөлінген электр желілерін интеллектуалды бақылау технологиялары» консорциумына қосылуға дейін ынтымақтастықтың әртүрлі нұсқаларын талқылады.

Сапар аясында қонақтар университеттің қазіргі заманғы оқу және ғылыми зертханаларымен, сондай-ақ жақында аяқталған оқу корпусын жөндеу нәтижелерімен танысты.

ENERGO UNIVERSITY