Energo University-де Hewlett-Packard зертханасы ашылды

Energo University-де Hewlett-Packard зертханасы ашылды


09.10.2024 Барлық жаңалықтар


8 қазанда Energo University-де әлемдегі компьютерлік техника өндірушілердің көшбасшыларының бірі Hewlett-Packard компаниясының заманауи компьютерлік техникасымен жабдықталған жаңа оқу зертханасының ашылуы өтті.
Energo University Қазақстанда белсенді жұмыс істейтін әлемге танымал жетекші компаниялармен ынтымақтастық орнатқан. Осындай серіктестердің бірі – «ЭйчПи Глобал Трэйдинг Би.Ви» (Hewlett-Packard) компаниясының филиалы. Осы серіктестіктің нәтижесінде Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтында «IT-инженерия және жасанды интеллект» кафедрасы негізінде жаңа оқу зертханасы ашылды, онда 12 Hewlett-Packard моноблогы орнатылған.
Зертхананың салтанатты ашылу рәсіміне Energo University ректоры Ғани Нығыметов, Орталық Азиядағы Hewlett-Packard компаниясының бизнес-менеджері Евгений Герман, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қатысты.
Жаңа оқу зертханасында Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттері үшін оқу сабақтары өткізілетін болады. Сонымен қатар, АУЭС колледжінің IT бағытындағы жоғары курс студенттеріне алдыңғы қатарлы компьютерлік техникада және заманауи бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу мүмкіндігі берілді.

ENERGO UNIVERSITY