Energo University студенті кикбоксингтен әлем кубогын жеңіп алды!

Energo University студенті кикбоксингтен әлем кубогын жеңіп алды!


11.10.2024 Барлық жаңалықтар


Кикбоксингтен әлем кубогының бірінші орны мен алтын медалін Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтында «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан Жалғас Ұланұлы жеңіп алды.

2024 жылы кикбоксингтен ең беделді халықаралық турнирлердің бірі – Әлем кубогы – Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті. Ресми ақпарат бойынша, бұл беделді жарыстарға 53 елден 1200-ден астам спортшы қатысты.

Energo University студенті Жалғас Ұланұлы өзінің салмақ дәрежесінде теңдессіз болып, алтын медальға ие болып, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Екінші орынды Қырғызстаннан келген кикбоксшы, үшінші орынды Өзбекстаннан келген спортшы иеленді. Осылайша, Жалғас 2023 жылы Стамбулда өткен әлем кубогының жеңімпазы атанған жетістігін қайталады.

Energo University-де Жалғас Ұланұлы 2024 жылы «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша грантқа оқуға түсті, ҰБТ-дан 109 балл жинады.

Жалғасты жеңісімен құттықтай отырып, оқуда және спортта табыс тілейміз!

 

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY