Energo University делегациясы бизнес-форумға қатысты

Energo University делегациясы бизнес-форумға қатысты


14.10.2024 Барлық жаңалықтар


Ректор Ғани Нығыметов бастаған Energo University делегациясы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығында өткен "Шығыс-Батыс: Шекарасыз бизнес" II Еуразиялық қаржы-экономикалық форумына қатысты.

Іс-шара алаңына қытайлық компаниялармен және өзара қызығушылық салалары бойынша ұйымдармен ынтымақтастық орнату мақсатында әлемнің 20 елінен 300-ден астам қатысушы келді.

Біздің университеттің делегациясы форумның екі панельдік сессиясына қатысты – «Өнеркәсіп, жер қойнауы, энергетика» және «Саяси экономия. Бизнес-білім: ғылым мен бизнестің ымырасы».

ENERGO UNIVERSITY