Energo University ректоры «Connected 2024: Reimagining the future» конференциясына қатысуда

Energo University ректоры «Connected 2024: Reimagining the future» конференциясына қатысуда


17.10.2024 Барлық жаңалықтар


17–18 қазан аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық серіктестері қатысатын «Connected 2024: Reimagining the future» халықаралық форумы өтуде.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар, футурологтар, жоғары оқу орындарының өкілдері, саясаткерлер, кәсіпкерлер трансұлттық білім беру және аймақтағы жаһандық хабты дамыту тақырыбын талқылауда.

Energo University-ді бұл іс-шарада ректор Нығыметов Ғани және университет негізінде жақында ашылған Анхальт қолданбалы ғылымдар неміс университеті филиалының жетекшісі, профессор Сименс Эдуард таныстыруда.

Нығыметов Ғанидің айтуынша, бұл конференция жаһандық білім беру саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және білім беру саласында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін елдер арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Форум аясында серіктестер жоғары білім беру мен ғылымдағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасуда, әлемдік және қазақстандық экономиканың жетекші салалары үшін білікті мамандарды даярлау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Форумның маңызды бөлігі панельдік пікірталастар мен мастер-класстар болып табылады, оның барысында сарапшылар педагогика саласындағы жаңа зерттеулер мен әзірлемелерді көрсетеді.

ENERGO UNIVERSITY