АЭжБУ дипломы шетелде: артықшылықтары мен мүмкіндіктері. Energo University-де осындай тақырыпта кездесу өтті

АЭжБУ дипломы шетелде: артықшылықтары мен мүмкіндіктері. Energo University-де осындай тақырыпта кездесу өтті


18.10.2024 Барлық жаңалықтар


Біздің университеттің табысты түлектері, Германияда тұрып, жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар Мадет және Жанна Базил қазіргі студенттерге шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жайлы айтып берді.

 

Шетелдік университеттерге түсу үшін қандай білім мен дағдылар қажет? Неге ағылшын тілін қазірден бастап белсенді түрде жетілдіру маңызды? Шетелдік университетті қалай тауып, жақсы шәкіртақымен тегін оқуға болады? Неге бакалавриатты Қазақстанда оқу жақсырақ? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап беріп, практикалық кеңестерді Wintershall DEA неміс мұнай компаниясының суперинтенданты, біздің университеттің 2002 жылғы энергетика факультетінің «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша түлегі Мадет Базил және SAP-кеңесші, 2006 жылғы радиотехника және байланыс факультетінің «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша түлегіміз Жанна Базил берді.

 

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, Energo дипломы Еуропада магистратураға түсу үшін жоғары бағаланады. Бұл ретте тегін оқуға түсуге болады, ең бастысы – ағылшын тілін білетіндігіңізді растайтын сертификаттың жоғары ұпайлары және жақсы GPA болуы керек. Сондықтан қазіргі студенттерге шетелде оқуға дайындықты белсенді түрде бастау маңызды. Оқу мен өмір сүру шығындарын өтеуге мүмкіндік беретін шәкіртақылық бағдарламаларды scholarship.com. арнайы сайтынан табуға болады.

Мадет пен Жанна атап өткендей, ең бастысы – қорықпау, өзіңе сену және Energo University-дегі оқу уақытын сапалы білім алуға жұмсау.

ENERGO UNIVERSITY