Energo University студенттері Республика күніне орай қазақстандық қоғамды дамыту мәселелерін талқылады

Energo University студенттері Республика күніне орай қазақстандық қоғамды дамыту мәселелерін талқылады


23.10.2024 Барлық жаңалықтар


Студенттерге арналған ұлттық бірегейлік және Қазақстан тарихы тақырыбын көтеретін дәрісті Energo University-дің Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар институты Әлеуметтік пәндкр кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарихшы – Кабдушев Болат Жоламанович ұйымдастырды.

Кездесудің басты қонағы Алматы қаласының қоғамдық даму орталығының жетекші маманы Абисатова Майя Бақтыбекқызы болды.

Іс-шараға қатысушылар тарихи сипаттағы мәселелерді талқылады, жылдар бойы қазақстандық қоғамның даму проблемаларын көтерді, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғаларды еске алды.

Республика Күні мемлекетімізде 25 қазанда атап өтіледі.  1990 жылы осы күні мемлекеттік тәуелсіздік туралы заң қабылданды, ол кейіннен 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға негіз болды.

Республика күні халықтың бірлігін, оның бостандық пен өркендеуге деген ұмтылысын білдіреді!

ENERGO UNIVERSITY