EU студенттеріне профилактикалық дәріс өткізілді

EU студенттеріне профилактикалық дәріс өткізілді


11.11.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University студенттеріне лудомания мен нашақорлықтың алдын алу және интернет-алаяқтыққа қалай қарсы тұру туралы айтылды.

Кездесудің модераторы қаржылық сауаттылық жобасын жүзеге асыратын «Rahym» Әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Шералиева Бибінұр болды. Спикерлер ретінде: Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының өкілдері Наурызбай Дана мен Медеуов Мирас, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бас маманы Әкім Ғаділбек қатысты.

Сарапшылар студенттерге интернет-алаяқтықты уақытында анықтап, жеке деректер мен қаржыларын алаяқтардан қорғау туралы айтты. Кездесу барысында нашақорлық пен лудомания мәселелері де талқыланды. Қатысушылар бұл тәуелділіктерге қарсы күресте тек мамандардың ғана емес, жалпы қоғамның да белсенді қатысуы қажет деген қорытынды жасады. Алдын алудың маңызы үлкен: білім беру, ақпараттандыру және салауатты өмір салтын қолдау. Нашақорлық фактісін білу және емдеу қажеттілігі, сондай-ақ осы аурулардан зардап шегетіндерге қолдау көрсету, сонымен қатар мамандардан мүмкіндігінше ертерек көмек сұраудан қорықпау маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің Университеттің психологиялық қызметі әрдайым көмек көрсетуге дайын:

«Б» ғимаратының 232-кабинеті, жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-ден 17:00-ге дейін.

ENERGO UNIVERSITY