14 сәуір күні Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Ғылыми кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті.

14 сәуір күні Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Ғылыми кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті.


20.04.2020 Барлық жаңалықтар


14 сәуір күні Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Ғылыми кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті.

Күн тәртібінде емтихан сессиясын ұйымдастыру, модульдік білім беру бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарлары мен элективті пәндер каталогтарын бекіту, сондай-ақ қашықтықтан оқыту форматына көшуге байланысты оқытуды ұйымдастыруда болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, Академиялық саясатқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібінің негізгі мәселелерінен басқа, ТЖ режимі жағдайында университеттің жұмысы барысында туындаған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Олардың ішінде білім алушылардың практикасы мен қорытынды аттестациясын ұйымдастыру; жетім немесе қамқорлықта қалған студенттерге, туберкулезбен ауырған студенттерге, ерекше қажеттілігі бар студенттерге материалдық көмек көрсету; білім алушыларға оқу ақысын төлеу мерзімін ұзарту мәселелері болды.

Талқылау нәтижесінде студенттер мен оқытушылар құрамында туындаған барлық күрделі мәселелерді барынша жоюға бағытталған шешімдер қабылданды.

АЭжБУ сайтындағы жаңалықтар легінен хабардар болыңыздар!

ENERGO UNIVERSITY