13.11.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) ректоры Нығыметов Ғани биыл Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-шы Тараптар конференциясына қатысуда.
Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен үкімет өкілдері, сарапшылар, бизнес көшбасшылары және белсенділер қатарынан 67 мыңға жуық қатысушы жиналды.
Нығыметов Ғани Қазақстанның ресми делегациясы құрамына кірді. ҚР Павильонының бағдарламасы аясында ол «Қазақстан мен Орталық Азияда сутекті көлікті дамыту әлеуеті мен келешегі» тақырыбында баяндама жасады. Құжаттың негізіне Energo University және «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғалымдарының сутекті теміржол көлігінде пайдалану келешегі туралы бірлескен ғылыми зерттеу нәтижелері енді.