13.11.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University өкілдері әлемге әйгілі Nokia компаниясының Қазақстандағы бөлімшесіне (Nokia Solutions and Networks Kazakhstan LLP) барды.
АЭжБУ-дың түлегі, компанияның бас директоры Күзетов Арманмен кездесу барысында университет пен телекоммуникация компаниясының арасындағы ынтымақтастықтың түрлі нысандары бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, кеңседе Energo University делегациясын біздің оқу орнын бітірген түлектер қарсы алды. Бүгінде олар компанияда жоғары лауазымды қызметтерді атқаруда. Олардың барлығы АЭжБУ-дегі оқу кезеңдерін жылулықпен, алғыс сезімімен еске алып және халықаралық компанияда мансап құруға мүмкіндік берген білімнің жоғары сапасын атап өтті.