Energo University-дегі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Energo University-дегі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі


18.11.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де студенттерге тағылымдама, практика және жұмыс ұсынған шамамен 30 компанияның қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Дәстүрлі түрде бұл іс-шара біздің университетте жылына екі рет – күзде және көктемде өткізіледі. Мұнда мансап мүмкіндіктері туралы білуге, әлеуетті жұмыс берушілермен танысуға, өзін-өзі таныстыру мен түйіндеме құру бойынша құнды кеңестерді алуға, сондай-ақ тақырыптық мастер-кластарға қатысуға болады. Бұл жолы мастер-кластарды Netcracker Kazakhstan, QSamruk.kz және «АЛЭС» АҚ ұйымдастырды.

QSamruk.kz жобасының менеджері Жаңбырбай Әйгерім және «АЛЭС» АҚ-ның адами ресурстарды басқару жөніндегі маманы Карабалина Дина студенттермен «Мансапты жоспарлау. Армандаған жұмысты қалай табуға болады» тақырыбында құнды кеңестерімен бөлісті.

Netcracker Kazakhstan компаниясынан «Телекоммуникациялық бизнес» тақырыбында интеграция және көшіру бөлімінің басшысы Орлов Антон және тестілеу бөлімінің басшысы Кобринец Леонид баяндама жасады.

Естеріңізге сала кетейік, тағылымдама, практика және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша студенттер әрқашан Energo University-дің Мансап және кәсіби бағдар беру орталығына жүгіне алады: жұмыс күндері сағат: 8:00-ден 17:00-ге дейін, А корпусындағы 201-кабинет.

 

ENERGO UNIVERSITY