22.11.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University-де Erasmus+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің үйлестірушісімен кездесу өтті.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және студенттер мен қызметкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейту аясында Energo University өкілдері Erasmus+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова Қалабайқызымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады, оның ішінде университеттің студенттері мен қызметкерлерінің жетекші еуропалық университеттерде алмасуларға, тағылымдамаларға және оқуға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ, жаңа технологияларды, бағдарламаларды және инновациялық шешімдерді дамытуға бағытталған бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселесі қозғалды.
Erasmus+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесі келесі жобаларды үйлестіреді:
Халықаралық кредиттік ұтқырлық
Жоғары білім беру әлеуетін арттыру
Erasmus Mundus бірлескен магистрлік бағдарламалары
«Жан Моне» бағдарламасы
Erasmus+ бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат алу үшін Energo University Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз: 411 кабинет, А ғимараты.