Energo University-дің студенттері Defence Tech Battle хакатон марапатын алды

Energo University-дің студенттері Defence Tech Battle хакатон марапатын алды


29.11.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттер командасы Астанада өткен Defence Tech Battle хакатон марапатын жеңіп алды.

Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы озық шешімдерді әзірлеу бойынша хакатонды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Defence Tech инновациялар орталығы, «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Astana Hub және Lenovo жобаны қолдады.

Сонымен қатар, құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев кірген қазылар алқасы бес жобаға сыйлық берді. Олардың ішінде Energo University-дің командасының жиналған деректер мен нәтижелерді талдау негізінде әскери қызметшілердің эмоциялық күйін анықтау үшін чат-бот құру жұмысы бар. Әзірлеушілер үшін марапат «Казахстан ГИС центр» акционерлік қоғамының ақшалай сыйлықақысы болды. Команданы құттықтаймыз: «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенттері Дмитрий Синишин және Сергей Ширяев, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Дамир Мертл және IT-инженерия және жасанды интеллект кафедрасының жетекшісі, профессор-практигі Азамат Кальпебаев.

 

ENERGO UNIVERSITY