10.12.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University-де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) жөніндегі Индустриялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес ағымдағы жылдың маусымында Жоғары оқу орнының ректоры Ғани Нығыметовтың бастамасымен білікті мамандарды даярлау кезінде еңбек нарығының қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін бизнес, өндіріс және университет арасындағы диалог алаңы ретінде құрылды.
Индустриялық кеңестің төрағасы Асқар Марат, Қазақстандық АТ-менеджерлер қауымдастығы басқармасының мүшесі іс-шараны аша отырып, нарық қажеттіліктеріне жауап беретін мамандарды даярлау мақсатында білім беру бағдарламаларын жедел түзету үшін ЖОО мен сала өкілдерінің тұрақты бірлескен жүйелі жұмысының қажеттігін атап өтті.
ТМД өңірінің IDC вице-президенті Андрей Беклемишев атап өткендей, бүгінде IT саласы кадрлардың тапшылығын бастан кешіруде және бұл мәселені жалғыз компаниялар шеше алмайды. Телекомдағы жағдай ұқсас. «Қазақтелеком» АҚ технологиялық үдерістер жөніндегі басқарушы директоры Николай Ивониннің айтуынша, компания жаңа сапалы кадрларды үнемі іздестіруде, оларды ішінара өзінің корпоративтік университеті шеңберінде дайындайды, бірақ бейінді жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасуға тырысады. Міне, осы жылдың күзінде басталған Energo University мен «Қазақтелекомның» SAPA+ жобасы бойынша ынтымақтастығы оң мысал болып табылады.
«Казтелепорт» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сырым Толеулиев қазіргі уақытта еліміздің бірде-бір жоғары оқу орны дайындамайтын, бірақ телеком және IT салалары компанияларында елеулі сұранысы бар жаңа бейіндегі мамандарды оқыту үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу мақсатында университетпен өзара іс-қимылдың дайындығын атап өтті.
Индустриялық кеңестің отырысы барысында оның қатысушылары бірлескен жұмыс нәтижелерін егжей-тегжейлі талдай отырып, тоқсан сайынғы кездесулер өткізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, АКТ саласындағы ең озық компанияларды ұсынатын спикерлерден Energo University-дің студенттеріне тақырыптық хакатондар, салалық сарапшылармен meetup-сессиялар, қонақ дәрістер өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.