12.12.2024 Барлық жаңалықтар
2024 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Алиев Алматы қаласы тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің мекен-жайы: Алматы қ., Байтұрсынұлы көшесі 126/1, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д корпусы, акт залы.
10:00 – 11:00 - азаматтарды жеке қабылдау;
11:00 – 12:30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
12:30 – 13:00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: +7 700 907 6615, және электрондық мекен-жайға: mendulla.diana@gmail.com. Жеке қабылдауларға жазылу үшін тел. +7 700 907 6615.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице- министріне сұрақ қоюға шақырамыз.