13.12.2024 Барлық жаңалықтар
Жомарт АлиевEnergo University-дің алаңында Энергетика және жасыл технологиялар институтының қатысуымен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Алиевтің Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында вице-министр экожүйелерді сақтауға, ауа, су және топырақ сапасын жақсартуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне тұрақтылықты арттыруға бағытталған ағымдағы бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Қала тұрғындары сұрақтар қоюға, өз идеяларын ұсынуға және экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.
Жомарт Алиев экологиялық міндеттерді тиімді шешу үшін биліктің халықпен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер үнемі өткізіліп тұру қажет атап өтті. Ол сондай-ақ тұрғындарды сенбіліктер, ағаштар егу және қоқыс жинау бағдарламалары сияқты экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Министрліктің алдағы жұмысында ескерілетін ұсыныстардың тізбесі жасалды.