Energo University Қазақстан және Орталық Азия елдерінің энергетикалық саласына аналитика дайындап бастайды

Energo University Қазақстан және Орталық Азия елдерінің энергетикалық саласына аналитика дайындап бастайды


26.12.2024 Барлық жаңалықтар


Қазақстандағы мамандандырылған жалғыз ЖОО Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Жаңа энергетикалық саясат орталығын құру туралы хабарлайды. Think tank («талдау орталығы») деп аталатын Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін тұрақты энергетика, энергиялық тиімділік және төмен көміртекті экономикаға көшу саласында стратегиялар мен ұсынымдар әзірлейтін болады.

Орталыққа бұған дейін Energo University-де Энергетика және жасыл технологиялар институтын басқарған Айнур Бегимбетова басшылық етеді.

Орталықтың негізгі міндеттері келесідей болады:

-Қазақстан және Орталық Азияға бейімдеуді ескере отырып, жаһандық және аймақтық энергетикалық трендтерді талдау.

-Жаңартылатын энергиялар және көміртекті ізді төмендету технологиялары саласында зерттеулер жүргізу.

-Мемлекеттік және жеке меншік секторлары үшін энергетикалық тиімділік бойынша ұсынымдар әзірлеу.

-Энергетика саласы үшін талдамалық зерттеулер мен болжаулар дайындау.

-Мемлекет, бизнес және ғылыми қауымдастық арасындағы диалог үшін платформа даярлау.

Алдағы уақытта Орталық отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырады. Бұдан бөлек, мемлекеттік секторда да, бизнесте де сұранысқа ие аналитикалық есептемелер және ұсынымдар шығарылады.

Energo University-дің ректоры Ғани Нығыметов энергетикадағы инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін сарапшылар, зерттеушілер мен студенттердің күш-жігерін біріктіретін зияткерлік база ретінде ЖОО-ның жаңа құрылымдық бөлімшесінің маңыздылығын атап өтті.

-Қазақстанда энергетикадағы стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін сапалы аналитика жетіспейді. Біздің Орталық  салалық министрліктер және компаниялар үшін деректер мен ұсынымдардың көзі болады деген үміттеміз, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Орталық ғылыми-зерттеу институттары мен БҰҰ құрылымдарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жоспарлап отыр. Қазақстанның жаһандық энергетикалық үдерістерге бірігуіне аса көңіл бөлінеді.

ENERGO UNIVERSITY