22.04.2020 Барлық жаңалықтар
2020 жылдың 18 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Ғылым апталығы аясында басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының "IT-инжиниринг" кафедрасының ұйымдастыруымен "IT-технологияларды ғылымда, бизнесте және білімде қолдану тәжірибесі" атты веб-конференция өтті.
Спикерлер ретінде техника ғылымдарының докторы, профессор, Украинаның биоресурстар және табиғатты пайдалану ұлттық университетінің компьютерлік жүйелер және желілер кафедрасының меңгерушісі Лахно Валерий Анатольевич және PhD – Козбакова Айнұр Холдасқызы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті ақпараттық және есептеу технологиялар институтының аға ғылыми қызметкері сөз сөйледі.
Лахно Валерий Анатольевич киберқауіпсіздік және ауытқуларды, қауіп-қатерлер мен кибершабуылдарды тану проблематикасына, сондай-ақ ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздік құралдарына инвестициялауға байланысты жобаларды әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Осындай ірі жобаларды бағалаудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру үшін шешімдер қабылдауды қолдаудың түрлі компьютерленген жүйелері (ШҚҚКЖ) қолданылады.
Козбакова Айнур Холдасовна математикалық және компьютерлік модельдерді, бағдарламалық-аппараттық құрал-саймандарды және ғимараттарды энергиямен және жылумен жабдықтау үшін термосифон циркуляциясы бар біріктірілген тиімді екі контурлы гелиоколлекторлар желісін құру бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін мониторингілеу тәсілдерін әзірлеу бойынша жұмыстардың нәтижелерін ұсынды. Автономды жылумен қамтамасыз етудің осындай басқарылатын жүйелері дәстүрлі энергия көздеріне балама жасайды.
Ереван байланыс құралдары ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы Маркосян Мгер Вардкесович өз тәжірибесімен бөлісті.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамыме және студенттермен бірге жүргізетін ғылыми зерттеулері аясында "Ақпараттық технологиялар мен жүйелердің инженириясы" ғылыми-зерттеу зертханасында жасалған 4-курс студенті Сан Софияның (жетекшілері т.ғ.д. Ахметов Б. С., PhD Алимсеитова Ж. К.) жобасы ұсынылды.
Конференция қонақтары АЭжБУ, "Тұран", "Нархоз" университеттерінің профессорлары мен оқытушылары болды.