"Автоматтандыру және басқару " мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада қатысушыларын құттықтау!



23.04.2020 Барлық жаңалықтар


 "Автоматтандыру және басқару " мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада қатысушыларын құттықтау!

Құрметті қатысушылар мен әріптестер! Сіздерді "Автоматтандыру және басқару"мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуымен құттықтаймын. Зияткерлік жарыстарды ұйымдастыру-үлкен абырой ғана емес, сонымен қатар біз үшін үлкен жауапкершілік, өйткені "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада қашықтықтан өтеді. Олимпиадаға  Ғұмарбек  Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының "Автоматтандыру және басқару" кафедрасының базасында Қазақстанның 8 қаласы, Нұр – сұлтан, Алматы, Қарағанды, Тараз, Атырау, Павлодар, Түркістан, Орал қалалары мен өңірлерінен- 13 ЖОО-ның үздік қатысушылары қатысады. Бұл - лайықты тарихы мен жарқын болашағы бар елеулі және қызықты сынақ. "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушыларға жарқын жеңістер, жаңа жаңалықтар мен шығармашылық табыстар тілеймін!

Құрметпен,

Басқару жүйелері және ақпараттық  технологиялар институтының  директоры  

PhD, АЭжБУ профессоры Т.С. Картбаев

ENERGO UNIVERSITY