23.04.2020 Барлық жаңалықтар
«Карантин жағдайындағы Рамазан» - бас мүфти мәлімдеме берді
2020 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз конференциясына қатысып, карантин кезінде діни іс-шараларды өткізу жөнінде мәлімдеме берді. muftyat.kz сайтының «Рамазан энциклопедиясы» бетінде ораза тұту және Рамазан туралы әртүрлі сұрақтарға жауап алуға болады.
24 сәуір күні қасиетті Рамазан айының алғашқы күні басталады. Бұл ай әр мұсылманның өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі, бұл айда қайырымдылық, мейірімділік, ізгі амалдардың еселене жасалатын уағы.
Діни комиссия жыл сайын исламдық ай күнтізбесінің тоғызыншы айы бойынша Оразаның басталу және аяқталу күнін анықтайды.
Мейірім айы, береке айы, жақсылық айы, Алланың шексіз мейірімі түскен ай – Рамазан мүбәрәк болсын! Үйлеріңіз бақыт пен игілікке толы болғай!