24.04.2020 Барлық жаңалықтар
АЭЖБУ-де COVID-19-дың АЛДЫН АЛУ
Университеттің барлық институттары үшін іс-әрекет алгоритмі әзірленді
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті карантин режимін сақтау мәселесі бойынша ел басшылығының шешімін қолдайды.
Университетте карантин кезеңіндегі барлық институттарға арналған іс-әрекет алгоритмі әзірленді: студенттерді оқытуды ауыстыру, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми кеңес отырыстарын қашықтықтан жұмыс режиміне өткізу; университет сайтында қажетті ақпаратты орналастыру, әлеуметтік желілерде жұмыс жасау. Жұмыс орнында тек университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер ғана қалды.
16 наурыздан бастап жұмыс орындарында қалған қызметкерлер мен оқытушыларға арналған маскалық режим енгізілді, барлық жаппай іс-шаралар тоқтатылды, санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді, үй-жайларды дезинфекциялау кестесі жасалды және ол сақталады. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынама әзірленді; дәліздерде антисептикалық құралдары бар спрей-дозаторлар (санитайзерлер) орнатылған.
Жастар саясаты департаменті, Тәрбие жұмысы бөлімі, студенттер кәсіподағы, эдвайзер-тәлімгерлер студенттердің көңіл-күйіне күнделікті мониторинг жүргізуде. Онлайн форматта студенттік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі: челендждер, флешмобтар, концерттер, вебинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, университет басшылығымен тікелей эфир, ректордың активпен кездесулері, түрлі акциялар. Эдвайзер-тәлімгерлер кураторлық сағаттар өткізіп тұрады, қалада тұратын студенттер бақылауға алынды: тізім жасалды, телефон нөмірлері, электронды мекен-жайлары бар, күнделікті байланыс орнатылуда.
Бүгінгі таңда жатақханада 27 студент тұрып жатыр. Олармен бірге студенттердің карантинді сақтауын қадағалау және олардың тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыру үшін жатақханада тәрбие жұмысы бойынша тәлімгерлер үнемі жандарында жүр. Барлығы санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтау үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Сәуір айының басында студенттер кәсіподағы жатақханада тұратын студенттерге 15 атаудан тұратын азық-түлік жиынтығын және қорғау құралдарын беру бойынша акция ұйымдастырды.
Дүниежүзілік пандемияның барлық кезеңінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті коронавируспен күрестің алдыңғы қатарлы шебінде тұрған адамдарға қолдау көрсету үшін шет қалмады.
15 сәуір күні #Бізбіргеміз республикалық акциясы аясында АЭжБУ студенттері өз ғылыми зерттеулерінің шеңберінде дайындалған, стартап жобасының негізінде алынған маска ұстағыштардың бірінші партиясын ҚР Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығына қайтарымсыз тапсырған болатын. 100-ден астам медициналық маскалар мен 25 алғашқы қорғанудың мөлдір маскаларының ұстағыштары берілді. Толық ақпаратты https://www.zakon.kz/5017440-almatinskie-studenty-izgotovili.html сілтемесінен көруге болады.
22 сәуір күні Университет Наурыз мерекесін тойлауды қорытындылау аясында жұмыс орындарындағы барлық қызметкерлер мен жатақханаларда тұратын студенттерге 45 кг наурыз көже, 20 кг бауырсақ, 45 литр компот берді.
Барлық қызметкерлер мен оқытушылардың қажетті қызмет жағдайларын қамтамасыз ету үшін университет басшылығы 24/7 режимінде жұмыс істейді. Әзірленген алгоритмге сәйкес іс-әрекеттер бойынша институт директорларымен нұсқаулық өткізілді.
Біздің әрқайсымыз карантин тәртібін сақтаған жағдайда ғана ол тиімді болмақ. Алматы қаласының әкімдігі мен басқа да қызметтер біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.