АЭжБУ республикада алғашқылардың бірі болып 2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясын талқылауды ұйымдастырды

 АЭжБУ республикада алғашқылардың бірі болып 2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясын талқылауды ұйымдастырды


27.04.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ республикада алғашқылардың бірі болып 2020 жылғы 24 сәуірде «Экономиканың төмен көміртекті дамуы үшін Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл экономиканы қолдау» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) жобасы шеңберінде әзірленіп жатқан 2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының төмен көміртекті даму стратегиясын талқылауды ұйымдастырды.

Ресей Федерациясы мен Қазақстанның халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Экономиканы декарбонизациялау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында оnline–дәріс мүдделі мамандарды, кең ғылыми жұртшылықты Қазақстандағы экономикалық дамудың төмен көміртекті жолын енгізудің негізділігіне тартуға және мұндай экономикаға, әлеуметтік салаға және қоршаған ортаға көшудің әсерін бағалауға бағытталған.

Оnline-лекциялар спикерлерінің бірі -экономиканы декарбонизациялау саласындағы көрнекті маман, ғалым-эколог, э.ғ.д., профессор, Ресей экологиялық инвестициялар орталығының бас директоры (Мәскеу), «Жасыл» экономика саласындағы халықаралық сарапшы Михаил Анисимович Юлкин, дәріс тақырыбы «Экономиканы декарбонизациялаудың халықаралық тәжірибесі».

«ҚР төмен көміртекті даму стратегиясы: мақсаттары мен бағыттары» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі Кеңестің мүшесі, Green Academy Ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор, Қазақстанның жасыл экономикасының нағыз энтузиасты, сондай-ақ халықаралық сарапшы Бахыт Қамалбековна Есекина сөз сөйледі.

 Дәріске экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Нархоз», Алматы қ. «Тұран» университеттерінің, Зулкарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің өкілдері, UNEP өкілдігінің жетекшісі, «Алматы электр станциялары»АҚ (АЛЭС) компаниясынан Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы, сондай-ақ Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ проректорлары, институт директорлары, кафедра меңгерушілері, бітіруші курс студенттері, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Ұйымдастырушылар:

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Жылу энергетика және жылу техника институты

«Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы

 

ENERGO UNIVERSITY