30.04.2020 Барлық жаңалықтар
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!
Сіздерді келе жатқан 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері — бұл ең алдымен, барлық қазақстандықтардың ұлтына және діни ұстанымына қарамастан, ұлы және берік достығының нәтижесі. Бұл күн - жылдың ең жарқын және шуақты күндерінің бірі!
1 мамыр - біздің елімізде тұратын көптеген халықтар мен ұлттар бейбітшілігінің, келісім- түсіністігінің, достық пен бірлігінің мерекесі!
Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, жұмысыңыз бен оқуыңызға жеміс, біздің ортақ шаңырағымыз - тәуелсіз Қазақстанға шаттық, құт-береке тілеймін!
Құрметпен, ректор Сауле Сагинтаева