Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!


08.05.2020 Барлық жаңалықтар


Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді Отан үшін шайқасқан жауынгерлердің, осынау жеңісті жақындатқан тылдағы ерен еңбеккерлердің айбынды, ерлік мерекесі Жеңіс Күнімен құттықтаймын!

Осынау жеңіс күндері ТМД халықтарымен бірге қазақстандықтар да соғыстың қатал, сұрапыл жылдарын еске алады және жарқын келешек үшін елін, жерін қорғаған ерлер алдында бас иеді.

Біздің әкелеріміз бен аталарымыз қанымен қорғап қалдырған қасиетті жерімізді,елімізді бүгінгі ұрпақ көздің қарашығындай сақтап, одан әрі гүлдендіріп, дамыта берсін.

Сіздерге денсаулық, бақыт, отбасы тыныштығын және де еңбекте табыс тілеймін!

Құрметпен,

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры

Сауле Сагинтаева

ENERGO UNIVERSITY