СИБк-19-6 тобының студенті Сая Бокебаеваны "Үздік студенттік академия" конкурсында жүлделі орын алғанымен құттықтаймыз!

СИБк-19-6 тобының студенті Сая Бокебаеваны


18.05.2020 Барлық жаңалықтар


"Bilim orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Жастар жылы   аясында еліміздің студенттері мен магистранттарының тың идеяларын қолдау мақсатында тұңғыш рет "Үздік студенттік академия" конкурсының өткізілуін ұйымдастырды. Біздің университетіміздің атынан бұл конкурсқа Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері кафедрасының аға оқытушысы А.К. Мукашеваның жетекшілігімен СИБк-19-6 тобының студенті Бокебаева Сая қатысты және жүлделі орынға ие болып, академияның мүшесі атанды.

Жобаға қатысушы студенттерге төсбелгілер және республикалық дәрежедегі дипломдар, ал студенттің ата-анасы мен жетекшісіне алғыс хат тапсырылды.

Университетіміздің студенттерін осы  сияқты түрлі конкурстарға белсене түрде қатысуға шақырамыз және еліміздің мақтанышы атануларын тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY