Бүгін университетте адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім және ғылым саласы мәселелері бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған мәселелерді талқылау бойынша онлайн-отырыс өтті.

Бүгін университетте адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім және ғылым саласы мәселелері бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған мәселелерді талқылау бойынша онлайн-отырыс өтті.


28.05.2020 Барлық жаңалықтар


Бүгін университетте адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім және ғылым саласы мәселелері бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған мәселелерді талқылау бойынша онлайн-отырыс өтті.

АЭжБУ ректоры С.С. Сагинтаева ғылым мен білімді дамытуға бағытталған реформаларды жүзеге асыру үшін университет ұжымының міндеттерін атап өтті. Қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде анықталған өзекті мәселелердің бірі көптеген оқытушылардың бапсыздығы және цифрлық сауатсыздығы болып табылады. Осыған байланысты тегін негізде цифрлық дағдыларды игеру үшін ОПҚ мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу туралы шешім қабылданды.

Университет ұжымының алдына  халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін АЭжБУ-дың Халықаралық университеттер лигасына кіру міндеті қойылды. Қатысу, ең бастысы Times Higher Education (THE) және QS Rankings сияқты университеттердің Дүниежүзілік рейтингтерінде лайықты позицияларды алу үшін АЭжБУ ұжымының жалпы мақсаты білім беру мен ғылыми жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, іргелі зерттеулер жүргізу болып табылады.  

Қалыптасқан жағдайда ЖОО-ның табысты дамуы қойылған міндеттерді шешуге қабілетті лайықты кадрлық ресурстың болуына тікелей байланысты, қосымша АЭжБУ басшылығы лайықты кадрлық резервті құру мақсатын алға қояды.

АЭжБУ ректоры С.С. Сагинтаева ОПҚ-ны еңбек нарығының қажеттілігін және университеттің білім беру бағдарламаларының кәсіби бағдарын ескере отырып, «Жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласын» құруға белсенді қатысуға, сондай-ақ ОПҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығының әртүрлі нысандары мен қос дипломды  бағдарламаларды дамытуда күшейтілген жұмыстарға ат салысуға шақырды.

Академиялық қызмет жөніндегі проректор С.В. Коньшин және Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор А.А. Саухимов «Жасыл технологиялар, «Жасанды интеллект», «Энергиялық тиімділік» бағыттары бойынша университеттің қызметін дамыту туралы» мәселесі бойынша сөз сөйледі. Университетте шығарылатын ғылыми-әдістемелік әдебиетке жоғары талаптар енгізу қажеттілігі және әдістемелік әзірлемелер үшін авторлардың жоғары дәрежелі жауапкершілігі атап өтілді. Мемлекет басшысы айтқан ғылыми бағыттардағы жұмыстарды дамыту және күшейту үшін университет міндеттерінің бірі оқытушы-зерттеуші мәртебесін арттыру болып табылады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С.Қ. Махмутов университеттің болашақ мамандарды кәсіби даярлау ғана емес, сонымен қатар студент жастарды патриоттық тәрбиелеу, оның адамгершілік және азаматтық қасиеттерін қалыптастыру жауапкершілігін атап өтті. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды және табысы төмен отбасыдан шыққан жастарды қолдау үшін үй жағдайында қашықтықтан білім алуға арналған техникалық мүмкіндіктері жоқ білім алушыларды жатақханаға орналастыру ұсынылды.

ENERGO UNIVERSITY