АЭжБУ-де Қамқоршылар кеңесінің атаулы шәкіртақыларын марапаттау рәсімі өтті

АЭжБУ-де Қамқоршылар кеңесінің атаулы шәкіртақыларын  марапаттау рәсімі өтті


27.12.2019 Барлық жаңалықтар


2019 жылы 23 желтоқсанда Ғылыми кеңестің кезекті отырысында АЭжБУ Қамқоршылар кеңесі мүшелерінен студенттерге 168  000 теңгеден атаулы шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

Қамқоршылар кеңесінің шешімімен жетім студенттерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың 30 маусымына дейін ай сайын 21 000 теңге көлемінде атаулы стипендиялар тағайындалды.

«Электр кабель зауыты»ЖШС бас директоры Борис Владимирович Артеменко АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, АЭИ түлегі компанияның атаулы сертификатын Аяла Құнанбаеваға  (ЭЭк-17-3) табыс етті.

Компанияның бас директоры Өмірұзақ Кенжебекұлы Кенжебеков, АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, АЭжБУ түлегі, «Crypto Consulting Group» сертификатын студент  Шакират  Смагулға (ЭЭ(ЭС) – 16-5) тапсырды.

АЭжБУ түлегі, АЭжБУ Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының меңгерушісі Андрей Анатольевич Кибариннің атаулы шәкіртақысына Асылбек Әділсары ие болды.

АЭжБУ Қамқоршылар кеңесі құрылған күннен бастап (2009 жыл) тұрақты түрде өзінің Альма-матерін және студенттерін шәкіртақы, демеушілік көмек, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, сондай-ақ біздің университет түлектерін өз компанияларында жұмысқа орналастыру мүмкіндігін ұсыну арқылы қолдау көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қамқоршылар кеңесіне KEGOC, Самұрық Энерго, ЖерСу, АЖК, АЛЭС, «Электр кабель зауыты» ЖШС сияқты компаниялардың орта буынының бірінші басшылары мен менеджерлері кіреді.

ENERGO UNIVERSITY